Литвиненко Юлия Алексеевна 14 желтоқсан 1978 жылы Алматы облысы, Талғар қаласында жүргізуші отбасында дүниеге келді. Әкесі - Литвиненко Алексей Яковлевич - жүргізуші, анасы - Литвиненко Любовь Васильевна – педиатриялық медициналық бике. 1996 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №6 орта мектепті медалімен бітірген соң, С. М. Киров атындағы ҚазМУ-нің, химия факультетіне оқуға түсіп, бакалавриатты 2000 жылы ойдағыдай бітіріп шықты, содан соң магистратураға түсті, оны 2002 жылы үздік аяқтады да, сол жылы аспирантураға түсті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де маман, 1- санаттағы жетекші маман, жетекші маман, оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы қызметтерін жүргізді. 02.00.10 – биоорганикалық химия мамандығы бойынша 2008 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Ю.А.Литвиненконың 150 жарияланымдары бар, олардың ішінде: 90-мақала, 50 тезис, 6 алдын ала патенттер, Уақытша Фармакопеялық және Уақытша Аналитикалық Нормативті құжат, сонымен қатар 2 Тіркеу куәлігінің иесі. Мына оқу құралының авторы: «Өсімдік шикізатын өңдеудің химиялық технологиясы» – Алматы, 2016 және Алматы, 2018ж.ж. Ю.А.Литвиненко келесі ұстаздармен бірігіп - С. Н. Калугин, Ж. Ш. Бурашевамен оқу құралын «Тестілік тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, Органикалық химия курсы бойынша», 2017 ж.; Ю. А. Литвиненко, А. К. Үмбетовмен «Хроматографический анализ природных веществ и материалов» – Алматы, 2015ж.; А.А. Мамутова, Ю.А. Литвиненко «Методы идентификации органических веществ»– Алматы, 2014 ж. және Г.Е. Жусупова, Ю.А. Литвиненко, А.И. Жусуповамен «Методология переработки лекарственного растительного сырья» – Алматы, 2018 ж. шығарды. Хирш индексі - 2. Юлия Алексеевна "Органикалық химия" курсы бойынша физика-техникалық факультетінің, 2-курс студенттеріне дәріс оқиды және лабораториялық сабақтар жүргізеді; Ол 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша келесі пәндерден «Дәрілік препараттарды химиялық талдау», «Табиғи гликозидтердің химиясы мен технологиясы», «Өсімдіктің биологиялық белсенді заттарын идентификациялау»; «Өсімдік шикізатын өңдеудің химиялық технологиясы» және «Фитопрепараттарды алудың химиялық технологиясы» бойынша 3 және 4 курс студенттеріне дәріс оқып, лабораториялық сабақтар жүргізді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2002

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2000

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
22.04.2009

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
26.08.2025

Автордың құжаттары

11

Цитирования
48 по 46

құжаттар

h-индексі

4